Олжас Смағұлов: «шетелдік турист Алматыда тәулігіне орта есеппен $441 жұмсайды»
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мегаполиске 1,1 миллион турист келген - бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға көп. Олардың 320 мыңы шетелдік қонақтар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтты.