Астма бақылауда: Алматылық дәрігерлер аурудың алдын алып, анықтауға байланысты кеңес берді
2025 жылдың 6 мамыры күні бүкіл әлем астмамен күрес күнін атап өтеді. Бұл – осы аурудың алдын алып, анықтап, онымен күресудің тиімді түрі барына қоғам назарын аударар ерекше күн. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда, Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас аллерголог-иммунологы Таир Нурпеисов осыған тоқталды.