Алматыда балалардың жазғы қауіпсіздігіне баса мән берілуде
Алматыда балалардың жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған баспасөз жиыны өтті. Шара барысында қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айтан Елеусізов жаз айларында болатын тәуекелдердің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.