Алматыдағы құрылыс компаниялары жаңа құрылыс ережелерімен жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев мәлімдеді.
Е. Сауранбаевтың айтуынша, Құрылыс саласының одағы, сондай-ақ барлық құрылыс компаниялары құрылыс ережелерін әзірлеуге бастамашы болған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімін қолдайды.
"Біз жаңа ережелер аясында жұмыс істеуге және қабылданған нормаларды қатаң сақтауға дайынбыз. Бізде қала тұрғындарымыз және сіздермен бірге мегаполистің дамуына алаңдаймыз", - деді Е. Сауранбаев.
Спикер қаланың сәулет және қала құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін айтты. Құрылыс саласы одағының өкілдері осы құжатты әзірлеуге тікелей қатысты. Барлық қабылданған нормалар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, Алматының тарихи орталығының қайталанбас нақышы мен сәулеттік келбетін сақтауға арналды.
"Сонымен қатар қала құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен көгалдандыруға баса назар аудара отырып жүргізетін болады. Алматы өмір сүруге ыңғайлы мегаполис ретінде, жасыл қала мәртебесін сақтап қалуы тиіс", - деді Е. Сауранбаев.