Алматы тұрғындары карантин шараларын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин хабарлады.
Ж. Бекшиннің айтуынша, Ashyq жобасы қосылғалы бері кәсіпкерлік нысандарға кірген кезде сканерлеу нәтижесінде "қызыл" мәртебесі бар 670 қала тұрғыны анықталды. Ал "сары" мәртебесі бар 178 пайдаланушы расталды.
Ж. Бекшин қала тұрғындары арасынан "қызыл" мен "сары" мәртебесі бар азаматтарға мысал келтірді. Жалпы 156 “қызыл" мәртебе мен 40 “сары” мәртебе фитнес орталықтары мен бассейндердің кіреберістерінде анықталды.
Қоғамдық тамақтану нысандарында 275 "қызыл" мәртебесі бар, 54 "сары" мәртебесі бар, 88 "қызыл" мәртебесі бар қала тұрғыны әуежайға кіре берісте анықталды. Сондай-ақ 21 "сары" мәртебесі бар, 70 "қызыл" мәртебесі бар адам кинотеатрға кіре берісте және 34 "сары"мәртебесі бар тұрғындар расталды.
Ж. Бекшиннің айтуынша, Ashyq жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті.
"Сіздер жобаның арқасында карантиндік шараларды сақтамайтын адамдардың анықталғанын білесіздер. Бұл жүйе азаматтар мен қаланың қауіпсіздігіне бағытталған", – деді Ж. Бекшин.
Мысалы, "қызыл" мәртебесі бар Алматының 8 тұрғынына карантин режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды. Бұл 90 мың көлемдегі теңге. Тәртіп бұзушылар Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу мен Түрксіб аудандарының тұрғындары.