Бұл ақпаратты Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің бастығы Әйгерім Жақсылық Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді. Чиппен қатар жыл сайын ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцинация жүргізіледі.
Спикер қаңғыбас жануарлардың мәселесін болдырмау үшін микрочиптер орнатылатынын атап өтті. Көшеде олардың пайда болуының негізгі себептері әлі де иттерді сыртқа босату, жоғалту және далаға тастап кету. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға немесе иесін жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық деректер PetControl бірыңғай иттер мен мысықтарды сәйкестендіру деректер базасына енгізілетін болады.
Үй иттері мен мысықтарын стерилизациялау мен кастрациялау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2024 жылға қарай Алматыда 28000 жануар осы процедурадан өтеді.
«Бағдарлама үйсіз үй жануарларының санын гуманистік реттеуге бағытталған. Өйткені үй жануарларының ұрпақтары жыл сайын қаңғыбас жануарлардың популяциясын толықтырады. Стерилизация мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет, ақпан мен тамызда жүргізілетін болады», - деді Ә. Жақсылық.
Үстіміздегі жылы үй жануарларын тегін стерилизациялау және кастрациялау бағдарламасы 4000-ға жуық ит пен мысықты қамтуды жоспарлануда. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. 51,747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бағдарламаның басталуы қыркүйектің ортасына жоспарланған.
Қаңғыбас жануарларды гуманистік реттеу Бағдарламасы аясында жануарларды ұстау шарттарын ескере отырып, паналайтын орындардың жұмысының бірыңғай тәртібін әзірлеу жоспарлануда.
Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізетін болады. Бірақ полиция мен ветеринарлық қызметкерлер жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алады.