Алматыдағы Chaplin Cinemas желісінің үш кинотеатры «Ashyq көшбасшылары» деп танылды. Жаңа сканерлеу жүйесі сәуір айында енгізілген, келушілер тіркеу процесіне күмәнмен қараған кезде, бүгінде 2-3 күн ішінде Ashyq арқылы келушілер саны 2 000 сканерден асады. Кинотеатрлар желісінің заң кеңесшісі Дидар Қалиев қосымша мен қызметкерлерді вакциналау бизнестің дұрыс жолға түсуіне және дағдарыстан шығуына қалай көмектескенін айтты.
Д. Қалиевтің айтуынша, Алматыда үш, Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі кинотеатр бар. Келушілердің мәртебелерін сканерлеу процесіне жете қараудың арқасында оларға «Ashyq көшбасшылары» мәртебесі берілді. Олар үлкен экранды ұнататындардың қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіндіре отырып, қатаң тексеріледі.
«Бастапқыда біздің кинотеатрлар желісі жобаны іске қосуға ақпан айында қосылуға ниет білдірді, бірақ сәуірде қосымша аясында жұмыс істей бастады. Қосымша жұмысының алғашқы екі айында «қызыл» және «сары» мәртебелі келушілер кинозалдарға 20-дан астам кіру талпысыны анықталды. Кинотеатрлардың директорлары мұндай келушілер туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлап отырған», - деді Д. Қалиев.
Кинотеатрлар желісінің өкілі тұтас отбасылар келіп, отбасы мүшелерінің бірінің қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған мәртебесі бар болған жағдайлар болғанын айтты.
«Тұрғындар арасында түсініспеушілік болды. Көпшілік Ashyq қалай жұмыс істейтінін, оның нені бақылайтынын және қандай мақсаты барын түсінбеді. Соған қарамастан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шешімдері мен талпыныстары аясында оның жұмысының алгоритмі жетілдірілді», - деп жалғастырды заң кеңесшісі.
Жобадағы көшбасшылықтың арқасында кинотеатрлар бірқатар преференцияларды алды. Мысалы, оларға екі сағатқа – сағат 02.00-ге дейін, сондай-ақ толу деңгейі 50% болғанда жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, көшбасшы мәртебесі 2 аптаға беріледі.
Д. Қалиевтің айтуынша, жұмыс күндері кинотеатрға 500 адам келеді. Демалыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 есе көп.
Chaplin Cinemas желісінің үлкен артықшылығы – мұндағы қызметкерлер түгел вакциналанған. Жалпы алғанда, компанияда 200 қызметкер жұмыс істейді, олардың 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Қалғандары медициналық анықтамаға ие немесе тұрақты ПТР-тексеруден өтеді.
«Ashyq-та жұмыс істеу өте ыңғайлы, келушілер кинотеатрлардың санитарлық нормаларға сәйкес келетінін, қызметкерлердің вакциналанғанын және келушілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін білген соң көңілдері толады. Қауіпсіз кинозалда отыру локуданға оралғаннан мың есе артық», - деді Д. Қалиев.