Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы Перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жүкті әйелдерде COVID-19 қалай анықталатыны, нәрестелерге КВИ жұқтырмау үшін не жасалатыны туралы айтты.
«Барлық жүкті әйелдер иммундық тапшылық жағдайында болады әрі тәуекел тобына жатады. Біз олардан белгілі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: маска тағу, қолды жуу және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Ал егер ауырып қалса, өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек, себебі ковидті емдейтін көптеген препараттар жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімі бар», - дейді Ә. Омарқұлова.
Гинекологтың айтуынша, жұқтырған жүкті әйелдер барлық жағдайда ауруханаға жатқызыла бермейді. COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар болашақ аналар амбулаторлық емдеуде қалады. Әдетте, дәрігерлер оларға көп мөлшерде сұйықтықты ішу бойынша ұсыныстар береді, әйелдер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, температураны, тамыр соғу жиілігін және тыныс алуды бақылайды. БСМК медициналық қызметкерімен қашықтан байланыс күнделікті сақталады.
Ә. Омарқұлова Алматыда перинаталдық орталықта коронавируспен босанған әйелдердің бақылауда болатынын хабарлады. Орталықта 20 төсек-орынды инфекциялық бөлімше жұмыс жасайды. Басқа ковидтік стационардағыдай, «жасыл аймақ» → «қызыл аймақ» → шлюз → санитария → «жасыл аймақ» бар. Жұқтырған науқастарды босандырғанда медбикелер қорғаныс құралдарын, костюмдерді, көзілдірік пен қолғапты пайдаланады.
Нәресте туылған соң 1 минутқа кешікпей, оның кіндігін қысу ұсынылады, себебі бұл ана мен баланың денсаулығына пайдалы және жаңа туған нәрестенің тамақтану жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге COVID-19-дың қан арқылы берілу қаупі аз.
«Коронавирус ана сүті арқылы берілмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолданыстағы ұсынымдарына сәйкес, егер сақтық шаралары сақталса, COVID-19 жұқтырған әйелдер сәбиін емізе алады»,-деді Ә. Омарқұлова.
Алматы қаласының перинаталдық орталығының гинекологы бүгінде инфекцияның ұрыққа антенатальды жолмен берілетіні туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.
«Вертикалды жол – қан арқылы, ұрықжолдас расталмайды. Инфекция науқас анадан босану кезінде, баламен қарым-қатынас кезінде мүмкін болады, егер ол қауіпсіздік шараларын сақтамаса – маска режимі, қолды жуу және дезинфекциялау», - деді Ә. Омарқұлова.
Сондықтан бала көтеретін әйелдердің қоғамдық орындарға, дүкендер мен гипермаркеттерге бармағаны жөн. Жүкті әйелді COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырмауы үшін оның отбасы мен жақындары вакциналануы тиіс. Сонда ғана ана мен болашақ сәбидің өмірі қауіпсіз болады.