Жаңа туылған нәрестелерді неонатальды скринингтен өткізу: оның не үшін қажет екені және қалай жүргізілетіні Алматыда айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар бас неонатологы Елена Плужникованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Оның айтуынша, шала туылған нәрестелерді скринингтік тексеруде қолданылатын жаңа әдістер мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.