2021 жылдың 23 - 24 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залының сахнасында "Mission to Mars" симфониясының әлемдік премьерасы өтеді.

 "Mission to Mars" - халықаралық мәдени жобасын Колтон Лестер (АҚШ-Ұлыбритания), Ханой Бухрис (Тунис), Ибрагим Әл Джунаиби (БАӘ) және Кайзад Пател (Үндістан) сияқты қазіргі жас композиторлардың халықаралық құрамымен жасақталған. Жоба Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен бірлесіп, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысумен жүзеге асырылуда.

Жобаның көркемдік жетекшісі және бас дирижері - белгілі скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев.

Марат Бисенғалиев бүгінде әлемнің түрлі мәдениеттерін біріктіруші болып табылады. Ол осы жобаны Қазақстанда іске асырып, әрі қарай әлемдік мәдени қоғамдастықтың үздік концерттік алаңдарында өткізуге жолдама алуға мүмкіндік берді. Концертке Серік Нұрмолдаев (сыбызғы), халықаралық байқаулардың лауреаты Меруерт Мүсірәлі (вокал) қатысады.

Жоба Da Coda Musiqaa (Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) бастамасымен БАӘ-нің  Әбу-Даби мәдени қорының қолдауымен қолға алынды. Бұл ретте Әмірліктерде Марат Бисенғалиевтің есімі мен шығармашылығы кеңінен танымал екенін айта кеткен жөн.  Бұл шығарма БАӘ-нің 50 жылдығына және араб елі басқаратын ұшқышсыз планетааралық спутниктердің алғашқы ғылыми ұшуы - Әл-амал (Надежда) зондының Марсқа ұшырылуына арналған. Бұл симфонияның авторлары өз шығармашылығымен осы Марс спутнигін ұшыру мысалында ғарышты игерудегі адам ақыл-ойының жетістіктерін атап өту міндетін қойды.

 ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі филармония құрамына 1958 жылы енгізілді. Оның ұйымдастырушысы, жетекшісі және алғашқы дирижері Қазақ КСР Халық әртісі, Ресейдің Халық әртісі, Татар АКСР Халық әртісі Фуат Шакирович Мансуров болды. Оның есімі тарихқа алтын әріптермен жазылды. Оркестрге 20 жылдан астам уақыт бойы белгілі дирижер Төлепберген Әбдірашев жетекшілік етті. Т.Әбдірашевтың шеберлігі мен біліктілігі  әлемнің көптеген елдерінде мойындалған. Тимур Мыңбаев ұзақ жылдар бойы ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері болып жұмыс істеді. Қазақ ұлттық фольклоры - Тимур Мыңбаев шығармашылығының маңызды қайнар көзі. Ол дирижерлік, композиторлық және музыкатанушылық қызметті сәтті ұштастыра білді. Қазір оркестрді талантты жас дирижер Қанат Омаров басқарады.

Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрамына 1935 жылы кірді. Бүгінгі таңда капелланың репертуары өңделген халық әндерін, үлкен формаларды – сюиталарды, өлеңдерді, кантаталарды және ораторияларды қамтиды. Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетелдік классиктер мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын мықтап енгізді. Көркемдік-шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымның мұндай бағдарламасы капеллаға Қазақстанда және шетелдік сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

Da Coda Musiqqa жобасының негізін  Гульмира Абдухаликова мен Ким Селбер қалаған.  Коммерциялық емес бастама БАӘ-дегі суретшілер мен музыканттарды біріктіріп, шабыттандырады, шығармашылық білім мен ынтымақтастыққа ықпал ететін мәдениетаралық жобаларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Әбу-Даби мәдени қоры - Әмірліктердің  халықаралық қоғамдастықпен мәдениаралық байланысын нығайтуға арналған алғашқы мәдени орталығы. Осы жоба аясында жыл бойы жергілікті, аймақтық және халықаралық таланттардың қатысуымен классикалық, театр, музыка және би музыкасының үйлесімін ұсына отырып, әлемдік деңгейдегі заманауи және отандық орындаушылық өнер бағдарламасын ұсынады.