Қазіргі заман балетінің жауһарына баланған «Жолдан тайғандар» елордалық театр сахнасында алғаш көрсетілмекші
1-2 сәуірде «Астана Балет» театрында қазіргі заман биінің кемеңгері Иржи Килианның Стивен Райх музыкасына қойған «Жолдан тайғандар» балеті көрсетілмекші. Әлемнің үздік сахналарында 30 жылдан астам уақыт қойылып жүрген бұл туынды – балетмейстердің «Қара және ақ» атты балетінің бір бөлімі. Оны елордалық театрда сахналаған – дарынды хореограф Стефан Жеромски.