Ұлттық домбыра күні: «Күмбірле, қоңыр домбыра» көрмесінің ашылуы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 4 шілдесі, сағат 11:00-де Ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан жасақталған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрменің ашылуы және атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара өтеді.