ҚР Ұлттық орталық музейінде Ермек Сансызбайұлы Абдрамановты еске алу кеші өтеді
2026 жылғы 17 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Қазақстанның азаматтық авиациясының көрнекті қайраткері Ермек Сансызбайұлы Абдрамановтың өмірі мен кәсіби мұрасына арналған еске алу кеші өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытуға, ұлттық авиациялық кадрларды даярлауға және отандық авиация саласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлғаның тарихи жадын сақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.