«Астана Балет» театры Ақтөбеге гастрольдік сапарға аттанады
22-23 сәуірде «Астана Балет» театры Ақтөбеге гастрольдік сапарын өткізіп, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының сахнасында өнер көрсетеді. Астаналық ұжым ақтөбелік көрермен назарына Айнұр Әбілғазинаның «Триумф» хореографиялық миниатюрасы мен Рикардо Амарантенің «A Fuego Lento» неоклассикалық балетін тарту етпек.