Қазақстандағы Үндістан елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы Мәдениет орталығының ұйымдастыруымен, 2023 жылғы 17-маусымда «Астана Балет» театрының алдындағы алаңқайда тоғызыншы мәрте Халықаралық йога күнін атап өтеді.

Жыл сайын өткізілетін шара физикалық және менталды деңгейде денсаулықты нығайтып, жұртшылыққа йоганың пайдасы туралы құлақтандыру мақсатын ұстанған.

Отандастарымыздың арасында йога біршама танымал: Халықаралық йога күні еліміздің көптеген елдерінде 5-25 маусым аралығында аталып өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 17-маусымда Астанада бас қосатын осы рухани-физикалық фәлсафаны ұстанушылар үшін йоганың жалпы тәжірибесі өткізіліп, қатысушылардың арасында жүлделер мен сыйлықтар үлестіріліп, шоу бағдарлама көрсетіліп, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі болады.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 21-маусым Халықаралық йога күні деп бекітілген. Алғаш рет бұл мереке 2015 жылдың маусымында аталып өтті. Алайда, одан кейінгі жылдары күні ауысып отырған еді. Ұйымдастырушылар бұл мерекені демалыс күніне орайластырып, мейлінше көп адам қатысқанын қалап отыр.

Дені сау, мықты әрі бақытты болуды қалайтын мыңдаған адам осы күні ашық алаңқайда бас қосады. Кез-келген адам келсе болады. Мерекенің атмосферасы ерекше. Жылулық, махаббат сезіледі. Бұл ұйымдастырушылардың ғана емес, қатысушылардың да арқасында туындайтын аһуал.

Атаулы күнді мереке есебінде атап өту туралы бастама көтерген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди болатын. Физикалық және психологиялық саулық үшін йоганың берер пайдасы мол екенін мойындаған көпшілік бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Жасыратыны жоқ, қазіргі заманда адам баласының психоэмоционалды күйіне ауыр салмақ түсіп отырады. Осы күнді таңдау себебі де кездейсоқ емес: жазғы күн тоқырауы әлемнің көптеген халықтарының мәдениетінде ерекше мәнге ие.