Ержан Бабақұмаров журналистерге ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқаудың қорытындылары бойынша марапаттарды тапсырды
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әрі мегаполистің дамуын жариялау тақырыбындағы байқау жеңімпаздарына жүлделерді тапсырды. Тапсыру рәсімі елімізде 28 маусымда атап өтілетін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында өтті.