Алматы хайуанаттар бағында 130-дан астам жабайы аңдар дүниеге келді
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетістіктері туралы айтты. Ол мұражайлардың бірігуі, Мемлекеттік қуыршақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы және хайуанаттар бағында аю мен гиенаға арналған жаңа қоршаудың жасалғаны туралы айтты.