Нұр-Сұлтанда өткен тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсуге арналған V «Astana Finance Days» конференциясында әділ реформалар, көміртегі бейтараптығы және Қазақстанның цифрлық дамуы басты тақырыптардың бірі болды.

Конференцияны Huawei Technologies Kazakhstan, Visa, Chevron және басқа да жетекші салалық компаниялардың қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырды.

Шарада қазақстандық және шет елдерден келген эксперттер тұрақты даму, цифрлық жаңғырту және мемлекеттік трансформация саласында болып жатқан өзгерістердің нәтижесін әріптестеріне таныстырып, талқылады.

«Экономикасы Орталық Азиядағы ең ірі және ең жылдам дамып келе жатқан елдің бірі ретінде Қазақстан ашық, инновациялық, бәсекеге қабілетті экономикалық модель құруға ұмтылады. Біздің міндетіміз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін экономиканы пропорционал өсіру», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пленар отырыстың ашылуындағы видеомәлімдемесінде, – Қазақстан БҰҰ белгілеген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш-жігерін аямайды».

«Дүниежүзілік банк жаһандық экономика өсімі 2021 жылғы 5,5%-тен 2022 жылы 4,1%-ке дейін баяулайды және одан әрі 2023 жылы 3,2%-ке дейін төмендейді деп болжап отыр. 2022 жылы әлемдік экономикалық өнімнің 65%-і цифрландырумен тығыз байланысты болады. 2021 жылы Президен өзі дөңгелек үстелге төрағалық еткен "Цифрлық көпір" форумында мен Huawei компаниясының Қазақстанға цифрлық хаб құруға көмектесуін ұсындым, – деді Huawei компаниясының Еуразия аймағы президенті Даниэль Чжоу, – Цифрлық хаб төрт аспектіден тұрады. Біріншісі – ұлттық кең жолақты байланыс, Каспий оптикалық кабелі жобасы мен 5G дамуы кіретін Цифрлық орталық. Екінші деңгей – деректер қауіпсіздігі мен үкімет жұмысының тиімділігіне негізделген Бұлттық хаб. Үшінші деңгейде дарындылардың АКТ хабы олардың қатысуымен және қолдауымен жұмыс істейді. Төртінші деңгей – жоғары жылдамдықты қосылымы, тұрақты бұлт қызметтері және жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін кешенді өнеркәсіп тізбектері бар Экожүйелік хаб.

Өнеркәсіп секторын жаңғырту – цифрлық экономиканы дамытудың бастапқы нүктелерінің бірі. Диджитал-трансформация бүгінде технологиялық тұрғыдан ескірген құралдарды жаңа шешімдермен ауыстыруға, коммуникациялардың сапасы мен тиімділігін арттыруға, бизнес-процестерді қайта құрылымдауға байланысты елеулі құрылымдық өзгерістермен қатар жүреді. АКТ инновацияларын уақтылы енгізу дамыған жаңа буын цифрлық экожүйесі бар мемлекет пен қоғамның жаңа сұлбасын белгілеуге мүмкіндік береді. 

«Қазақстан – ақпараттық Жібек жолының бір бөлігі. Huawei-дегі әріптесіміз Даниэль Чжоу айтқандай, оптикалық-талшықты төсеу қаржылық, цифрлық, физикалық және инфрақұрылымдық байланысты арттырады. Бұл жаңа жұмыс орындарын жасау мәселесіне де келеді, мұны істеу керек», – деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшысы Қайрат Келімбетов.

Қатысушылар баяндамасы климаттың өзгеруіне қол жеткізуге және шығарындыларды таза нөлге жеткізуге бағытталған. Париж келісіміне қатысушы басқа елдер сияқты Қазақстан да 2060 жылға дейін көміртекті бейтарап болу міндеттемесін алды. Эксперттер көміртегі шығарындыларын азайтатын энергетика саласының ауқымды цифрлық трансформациясы қажет екенін айтады. Көміртекті бейтарап ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу декарбонизацияға қол жеткізу үшін маңызды роль атқарады және әртүрлі өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін бейтараптай алады. Атмосфераға көміртегі шығарындыларын тиімді азайтудың бір мысалы – ұялы байланыс тарихындағы ең экологиялық таза және өнімділігі жоғары стандарт 5G стандартын енгізу. 

«4G – өмірді өзгертеді, 5G – қоғамды өзгертеді. Қытай 5G технологиясына негізделген ақылды қалалар тұрғызуда көшбасшы болып отыр. Бүгінде технологияны пайдаланатын 20 нысан бар, тағы 1500-ден астамы әзірленіп жатыр. Біздің зерттеулеріміз 5G Қытайдағы өндіріс тиімділігін 20%-ке арттыруға көмектескенін көрсетті. Huawei компаниясы елге қаланы цифрлық басқаруды ұсына алады, орта және ұзақмерзімді перспективада біз шахталар мен кен орындарында пайдалануға болатын жеке 5G жабдығын шығару үшін тік өнеркәсіп серіктестерімен жұмыс істей аламыз», – деді Қазақстандадағы Huawei Technologies бас директоры Чжао Сю.

Ел деңгейінде өнеркәсіптік автоматтандырудың, өндірістің және логистиканың технологиялық стандартын көтеру байланыс арналарын және заманауи желі инфрақұрылымын жасауға кешенді көзқарасты талап етеді. 5G байланыс стандарты осы бағытта маңызды жаңа перспективалар ашады. 5G-дің ең жоғарғы жылдамдығы - секундына 10 гигабитке дейін, бұл LTE-дің секундына 100 мегабитке дейінгі жылдамдығына қарсы, орташа көрсеткіш – шамамен 1 Гбит/с. Дегенмен байланыс инфрақұрылымын жаңартуда өнеркәсіп кәсіпорындарының бұлтты және интеллектуал технологияларға негізделген өндірістік жүйелердегі қажеттіктеріне арналған шешімдер болуы керек. Желі синергиясы және "бұлт" – жаңа АКТ инфрақұрылымының мәні.

«Huawei әртүрлі салада, соның ішінде бұлтты шешімдерде кейінгі технологияны көрсетті. Жақында Барселонада өткен мобильді дүниежүзілік конгресте Huawei өкілдері көрме аймағына барған кезде компанияның Қытайда алға қойған мақсаттары көрсетілді: әр адамға 1 гигабит», – деді «Зерде» холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов.