Yandex Cloud бұлттық платформасы Қазақстандағы Computer Science білім беру бағдарламасын қолдау аясын кеңейтті.
Енді еліміздің жоғары оқу орындары жасанды интеллект саласын оқып-үйрену мақсатында бұлттық сервистерді тегін қолдана алады. Бұл білім ордаларына машиналық оқу бағдарламасының санын көбейтіп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда өткен жылғы жаңалықтың бірі студенттерді ғылыми-техникалық және ІТ мамандықтарға оқыту болды. Қазіргі таңда бакалавриат бағдарламасындағы техникалық мамандықтардың үлесі 60 пайызға көбейтілген. Жергілікті кадрларды даярлау ел аумағындағы түрлі салалардың экономикалық тұрғыда тұрақты дамуына сөзсіз жақсы әсер етеді. Қазірдің өзінде компаниялардың студенттер мен оқытушылардың тиімді білім алу мақсатында күн сайын өсіп келе жатқан талабын нақты қанағаттандыруы мен ЖОО-на әлеуметтік қолдау көрсетуі маңызды болып отыр.
Университеттерді цифрландыру әлемдік маңызды үрдіс саналады. Көптеген жоғары оқу орындары білім беру сапасын жақсарту мен әкімшілік тапсырмалардың тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды енгізуде. Бұл саладағы әлемдік тәжірибе әртүрлі, дегенмен, білім беруді басқару жүйесін, виртуалды кабинеттер мен онлайн-курстарды ұсыну секілді жалпыға ортақ бастамалар бар.
2022 жылы Yandex Cloud білім беру курстары қазақстандық ЖОО-на кіріктірілді. Astana IT University-мен болған әріптестікті алғашқы жобалардың бірі деп айтуға болады. Онда 100-ден астам студент «Advanced Python Programming» курсын оқып жүр. Компания қазақстандық оқытушыларға грант бөлуді жалғастыруда, соның нәтижесінде басқарылатын мәліметтер қорын жүйелі түрде қолдануға, сонымен қоса жұмысы тұрақты сервис құру принциптерін үйренуге мүмкіндік бар. Yandex DataSphere М-әзірлемелерге арналған ортаның көмегімен оқытушылар студенттерге машиналық оқытудың базалық модельдерін, кодты жылдам тексеру мен жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер бастауды үйретіп келеді. Бүгінгі таңда осы салаға қызыққан оқытушылар DataSphere тегін қол жеткізу үшін бұлттық платформаға өтінім бере алады.
Бұл бастама отандық студенттер мен оқытушыларға өз жұмыс уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі. Себебі, модельдерді оқыту ортасы ретінде ML-әзірлемелерге арналған стандартты Jupyter Notebook интерфейсі қолжетімді. Қарапайым әрі таныс құралдар арқылы студенттер кодпен жұмыс істеуді басты назарға алып, ноутбугі автоматты түрде ажырамай-ақ модельдермен жұмыс істеуді жалғастыра алады.
– Машиналық оқытудың ең соңғы үлгідегі технологияларына тек компания ғана емес, барлық ғылыми қауымдастық, оның ішінде ЖОО-дары да қол жеткізгені біз үшін маңызды. Yandex DataSphere оқытушыларға білім беру бағдарламасын жетілдіруге, ал студенттерге ML негіздерін оңай әрі жылдам оқып-меңгеруге көмектеседі, – дейді Yandex Cloud ұлттық стратегиялық жобалар бойынша директоры Анна Лемякина.