2025 жыл TikTok үшін жаңа есімдер мен тың форматтарға толы ерекше кезең болды. Платформада шабыт сыйлаған оқиғалар, шағын бизнестің табысты тарихтары, қолданушылардың сүйіктісіне айналған талантты креаторлар, сондай-ақ қазақ мәдениетінің байлығын жаңа қырынан танытқан контент кеңінен таралды.

Биыл кімдер миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулап алды? Қазақстандық болмысты айқын көрсетіп, ел ішіндегі ғана емес, халықаралық аудиторияның да назарын аударғандар кімдер? Қандай жобалар қазақстандықтарды шығармашылыққа жетеледі? Қысқа бейнероликтерді көру мен жасауға арналған жетекші платформа дәстүрлі түрде жыл қорытындысын ұсынады.

Жарқын контент пен жаңа форматтар жылы

Өткен жыл TikTok Қазақстан үшін қарқынды өсімнің, шығармашылық серпіннің және миллиондаған қолданушыны біріктірген жаңа форматтардың кезеңі болды. 2025 жылы қазақстандықтар #Наурыз2025 және #нетамашалаймыз сынды трендтік хэштегтер аясында белсенді контент жасап, Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys сияқты әлемдік жұлдыздардың концерттерінен бейнелер бөлісті. Сонымен қатар ел футболшыларының Чемпиондар лигасындағы жетістіктері де кеңінен талқыланды.

Платформа өзінің тек ойын-сауық алаңы ғана емес, әр адам өз талантын ашып, танымал бола алатын орта екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұнда шағын бизнес өз аудиториясын табады, танымдық әрі тақырыптық бастамалар іске асады, ал ұлттық нақыштағы контент ұсыныстар таспасының алдыңғы қатарына шығады.

Қазақстан — TikTok-тағы жаһандық тренд

2025 жылы Қазақстан TikTok-та нағыз трендсеттерге айналды. Индонезия мен Кореядан бастап Мексика мен АҚШ-қа дейінгі елдердің қолданушылары Қазақстанға арналған арнайы трендті іске қосты.

Шетелдік креаторлар қазақстандық мәдениетке қызығушылық танытып, «I’m not Kazakh, but…» тіркесімен отандық әртістердің әндерін орындады. Музыкалық таңдаулар да алуан түрлі болды: Қайрат Нұртас пен Садраддиннің хиттерінен бастап, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының әндері, сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің күрделі вокалдық партиялары. Ұлттық аспаптармен орындалған халық әуендері флешмобқа айрықша ұлттық реңк қосты.

Қауымдастық таңдауы: 2025 жылдың ең жарқын креаторлары

Жылдың маңызды оқиғаларының бірі — қолданушылардың өздері үздіктерді анықтаған #ҚауымдастықТаңдауы2025 байқауы болды. 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында TikTok қолданушылары жеті номинация бойынша сүйікті креаторларына дауыс берді. Байқау жергілікті қауымдастықтың сан алуандығы мен шығармашылық деңгейінің өскенін көрсетті.

#ҚауымдастықТаңдауы2025 жеңімпаздары

Ең үздік ойын-сауық контентінің авторы
Нұрбек Қасымбеков (@daulenuly) — қазақ тіліндегі киношолуларымен, алдағы премьералар туралы ақпараттарымен және көрермендерге арналған ұсыныстарымен танылды. Қысқа әрі мазмұнды роликтері кино әлемін TikTok аудиториясына жақындата түсті.

Ең үздік спорттық креатор
Темірлан Орынбаев (@temirlan_erzhanovich) — спорт жаңалықтары, матчтар мен жергілікті командалардың дамуын тұрақты түрде қамтып, елдегі футбол тақырыбындағы танымал авторлардың біріне айналды.

Ең үздік танымдық контент авторы
Алтынай Утегенова (@altynai_qazaq_tili) — қазақ тілін үйренуге арналған видеолары арқылы лексика мен грамматиканы түсіндіріп, аудиторияның білімін кеңейтуге үлес қосты.

Ең үздік аспаздық креатор
Найля Павловская (@nyakushkaa) — қарапайым әрі дәмді үй тағамдарының рецептерімен бөлісіп, көрермендерді аспаздық шабытқа бөледі.

Ең үздік саяхат контентінің авторы
Жұлдыз Рахмет (@zhuldyz_rakhmet) — Қазақстанның көрікті жерлерін таныстыратын виртуалды гид. Ол бұл номинацияда екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр.

Ең үздік мәдениет контентінің авторы
«Ұлт қазынасы» жобасы (@ult_kazynasy) — Нариман Қарабалин, Бисұлтан Өмірбаев, Бауыржан Тілеуханов және Әділ Имантаев өңірлердің мәдени, тілдік ерекшеліктері мен Қазақстан тарихын қамтитын контент жасайды.

Ең үздік шағын бизнес аккаунты
@doner_na_satpayeva_ — Алматыдағы танымал донер. Аккаунтта басты кейіпкерлер — клиенттердің өздері. Шынайы эмоция, юмор мен өмірден алынған жағдайлар контенттің вирустық таралуына себеп болды.


2025 жылғы TikTok-тағы маңызды бастамалар

Discover List 2025: жаһандық мойындалу

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова (@botagozomarova2) TikTok-тың халықаралық Discover List 2025 тізіміне енген Орталық Азиядағы алғашқы креатор атанды.

#нетамашалаймыз: кино саласына қолдау

TikTok жергілікті киноиндустрияны қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды бастамасын іске қосты. Арнайы бөлім, эксклюзивті материалдар мен бейнебайқау киноәуесқойлар қауымдастығын дамытуға серпін берді.

#Наурыз2025: ұлттық мәдениетті насихаттау

Үшінші жыл қатарынан өткен онлайн-фестиваль аясында екі апта ішінде 25 мыңнан астам бейне жарияланды. Соңғы үш жылда мерекелік контент саны 180 мың роликке жуықтады. Инициативаны мемлекеттік органдар мен туристік ұйымдар қолдады.

Қауіпсіздік пен әл-ауқат

TikTok қауіпсіздік құралдарын жетілдіріп, жасөспірімдерді қорғау, контентті басқару және цифрлық әдеттерді қалыптастыру бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі алғашқы цифрлық сауаттылық жобасы — «Ең Алдымен Қауіпсіздік» іске қосылды.

#Қазақстанмұғалімдері

Білім беру контентіне сұраныс артып, төрт жыл ішінде 90 мыңнан астам оқыту видеосы жарияланды.

TikTok әсері: экономикаға қосқан үлес

TikTok пен «Атамекен» ҰКП жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, платформаны тұрақты пайдаланатын әрбір сегізінші кәсіпкер табысының жартысынан астамын TikTok арқылы табады.

2024 жылы ШОБ TikTok арқылы 219 млрд теңге табыс тапты, ал оң сценарий бойынша бұл көрсеткіш 438 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. Платформаның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 0,16–0,32%, ал жанама әсерлерді қоса есептегенде — 1,13%.

«Бұл жыл шығармашылық пен танымдық контенттің қоғамға әсерінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біз авторларды қолдауды, цифрлық сауаттылықты дамытуды және мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуды жалғастырамыз», — деді TikTok-тың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар.

Фото: Ильяс Уалиев