ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді. Ол Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша этикалық кодекске енгізілген, жаңа Қазақстанның құрылысы аясында маңызды болатын түзетулер туралы айтып берді.

Еске салсақ, өзгерістер осы жылдың 1 ақпанында енгізілген болатын. Егер бұрынғы редакциядағы Әдеп кодексі Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды да, олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттарын да біріктірсе, жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жатпайтын өзге де ережелерден этикалық талаптарды ажырату жасалды.

Ильдар Үйсімбаевтың айтуынша, жаңа Әдеп кодексі қызметтік этика стандарттарын белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болды.

Өзгерістер Кодекстің құрылымына да әсер етті. «Мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері» атты жаңа тарау пайда болды.

«Енді мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы алты принципке негізделген: адалдық, шыншылдық, әділдік, ашықтық, әдептілік және тұтынушыға назар аудару. Айта кетсек, мұндай талаптар мемлекеттік қызметшілерге бұрынғы Кодексте де қойылған болатын», - деді департамент спикері.

Бұл ретте Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және тұтынушыларға бағдарлану қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретіндегі халықтың сұранысын басшылыққа алып, халықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуі қажет.

Ильдар Үйсімбаев Кодекске қабылданған түзетулер халыққа қызмет көрсететін, ашық және қолжетімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға әкелетініне сенімді.