2022 жылы ұзындығы 221 км 224 көшеге, оның ішінде ұзындығы 56,9 км қаланың 19 магистральдық көшесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ақжар шағын ауданында 48 шақырым жаңа жол салу жоспарланған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096 шақырымды құрайды, оның 234 шақырымында қатты жабын жоқ. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесінің көрсеткішін 95%-ға дейін жақсарту үшін 2025 жылға қарай 234 км жаңа жол салу, ұзындығы кемінде 200 км жолдарға жыл сайын орташа жөндеу және қаланың барлық көше-жол желісін қамти отырып, 350 мың м2 астам асфальтбетон жабынына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Алматы қаласы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов қазіргі уақытта қаланың Алғабас, Әлмерек және Қайрат шағын аудандарында жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Ақжар шағын ауданында ұзындығы 48 км жаңа жолдардың құрылысы басталды.
«Қайрат және Әлмерек шағын аудандары бойынша жұмыстар Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен келісе отырып, инженерлік желілер құрылысының аяқталуына қарай жүргізілуде. Алғабас шағын ауданы бойынша жұмыстар ағымдағы айдың соңына дейін жалғасады, жыл соңына дейін тағы 9 км жол салу жоспарланған. Жол жұмыстары энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасымен үйлестіре отырып, инженерлік желілер құрылысының аяқталуына қарай орындалуда», - деді спикер.
Ол Ақжар шағын ауданында жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айында басталғанын атап өтті. 2022 жылы шамамен 10 км жаңа жол салу жоспарлануда. 2022 жылдың мамыр айының соңына дейін ұзындығы 800 м төрт көше бойынша жол жабындысы жоспарланған. Толық аяқтау 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
Шұғыла шағын ауданында тағы 6,9 км жаңа жолдың құрылысын бастау жоспарлануда. Жол жұмыстары тағы да, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен бірлесе отырып, инженерлік желілер құрылысының аяқталуына қарай орындалады.
Қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Алматыдағы жолдарды орташа жөндеу туралы да айтып берді.
«Биыл ұзындығы 221 км болатын 224 көшеге, оның ішінде ұзындығы 56,9 км болатын қаланың 19 магистралды көшесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.Сондай-ақ, Ақбұлақ, Дархан, Қарасу, Тастыбұлақ, Шұғыла және т.б. шағын аудандардағы жолдар жөнделетін болады», - деп атап өтті Ғ. Мырзаханов.
Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта орташа жөндеу аясында жол-жөндеу жұмыстары 39 көшеде, оның ішінде жеті магистральды көшелерде (Саин, Абай, Райымбек батыр, Өтемісұлы, Қабанбай батыр, Шагабутдинов, Әшімов), сондай-ақ Тастыбұлақ, Ақбұлақ, Өжет, Думан, Алатау (ЯФИ) шағын аудандарында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.