Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы облысының Үлкен кенті ауданында, Балқаш көлінің жанында атом электр станциясын салу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты.
Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда мүлдем асейсмикалық аймақтар жоқ. Бұл деректер 2006 жылы алынған.
«Тіпті таулары жоқ аймақтардың, мысалы, Батыс Қазақстанның өзінде техногендік сейсмикалық қауіп бар, өйткені мұнай мен газ өндіріліп жатыр, сонымен қатар тектоникалық плиталар бар. Олардың ықтимал қозғалысын ешкім жоққа шығарған жоқ. Атом электр станциясын орналастыру кезінде климат пен судың болуы ескеріледі. Осының барлығын қорытындылай келе, біз Балқаш көлінің аумағы болашақта атом электр станциясын орналастыру үшін ең оңтайлы деп есептедік», - деді министр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Балқаштағы су атом реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын болады.