Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева мәлімдеді.

"Бүгін алматылықтардың "Халықтың бюджетке қатысуы" бағдарламасына қатысуға тағы да мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр", – деді Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.