Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдік жанынан құрылған 24 мониторингтік топ бар, олар ұйымдар мен нысандардағы эпидемияға қарсы шаралардың орындалуына күнделікті рейд жүргізеді.
2020 жылдың 5 шілдеден бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтар 12415 нысанды қамтыған, оның ішінде карантиндік, атап айтқанда маска режимін бұзу карантин кезінде 3371 нысаннан анықталған.
Тексерулер нәтижесі бойынша, 698 нысан тәртіп бұзушылықтар анықталғаннан кейін, өз еріктерімен қызметтерін тоқтатқан, ҚР ӘҚ туралы Кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3371 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға – 119 айыппұл, жеке тұлғаларға – 3252 айыппұл, соның ішінде маска тағу режимін бұзғаны үшін салынған.
Мысалға, Жетісу ауданында 22-нен 23-тамызға қараған түнгі мониторинг кезінде құрамына Жетісу ауданы әкім аппаратарының қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметі, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Жетісу ауданы «Nur Otan»партиясы филиалының өкілдері енген мониторингтік топ шекиеу шараларын бұзудың 3 фактісін анықтады: тыйым салынғанына қарамастан, Құлагер ықшам ауданында компьютерлік клуб қызметін жалғастырған, демалыс күні Яблочков көшесі бойындағы монша кешені қызмет етіп тұрған, 23.00-ден кейін Ақпаев көшесінің бойындағы қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеген.
2020 жылдың 17 тамызынан бері қызметін жаңарту туралы 14577 хабарлама келген, 4361 өтініш түскен, оның ішінде 14344 хабарлама, 3018 өтініш мақұлданған. Қызметке дайын екендігін жөніндегі акт 26 нысанға берілді.
Барлық нысандарда халықтың игілігі үшін санитарлық-эпидемиологиялық салада заңнаманы күшейтілген түрде сақтауға қатысты және жабық нысандарда маска тағуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өз кезегінде коронавирусинфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы еске салады. Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, сонымен бірге адамдар көп баратын орындарға барудан аулақ болуға шақырады. Санитарлық талаптардың сақталуы халықтың игілігі үшін қажет. Бизнес субъектілеріне де санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету керек.