Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов мәлімдеді. Ол бүгінде мемлекет отандық кинематографқа қомақты қаржы салып отырғанын атап өтті.

"Бюджеттік тираждау және дистрибуция бағдарламасы бар, біз оны осы жылы жандандырамыз. Ол мемлекеттік қолдауға ие болған фильмдердің тікелей дистрибьюторлармен – кино сатушылармен және кино көрсетушілермен жұмыс істей алуына бағытталатын болады. Біз бұл тетіктерді пысықтап жатырмыз. Процесс, фильм түсірлген кез, ары қарай кинотеатрға бармай аяқталуы тиіс", - деп атап өтті Бауыржан Шөкенов.

Сонымен қатар, спикер 2022 жылы фильмнің түсірілімін дайындау кезінде олардың техникалық ерекшелігінде жылжыту туралы міндетті бөлім болатынын айтты.

"Яғни, мемлекет өндіріске бөлетін ақшаның бір бөлігі киноны ілгерілетуге бағытталады. Киноөндірушілер бастапқыда картиналарды жалға алу үшін қаржы бөлді. Біз бұларды қатаң қадағалаймыз. Және өз тарапымыздан фильм тоқырап қалмауы үшін және фильм түсіріліп, көрерменге көрсетілмей қалмауына күш - жігер жұмсауымыз керек", - деп қорытындылады "ҰКҚМО" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, КЕАҚ-та отандық платформаларда деректі және қысқа метражды фильмдерді көрсетуге мүмкіндік беретін стримингтік компаниялармен келісімшарттар жасалған.