Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполис көшелерін ұзарту жұмыстары туралы айтып берді.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Әуезов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі ұзындығы 0,4 шақырымды құрайтын бөлігі пайдалануға берілген болатын. Осы аралықта ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын екі көшені (Абай даңғылы, Саин көшесі) ұзарту жұмыстары жалғасуда, Төле би көшесінің ұзындығы 4,5 шақырымдық екі учаскесін ұзарту жұмыстары да басталып кетті.
«Абай даңғылының ұзартылған бөлігіндегі аспалы жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыру жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Е. Абжахан.
Сондай-ақ, ол Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі Саин көшесі 3,2 шақырымға дейін ұзартылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 40 пайызға орындалды. Жұмысты толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Спикердің айтуынша, Төле би көшесінің Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін батыс бағыттағы ұзындығы 4,5 шақырымға ұзартылмақ. Жол құрылысына дайындық жұмыстары мен материалдарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Алатау даңғылынан «Алма Сити» ТК-ге дейін жол жұмыстарын орындау және инженерлік желілерді қайта құру жоспарлануда. Толық аяқтау жер учаскелерін сатып алу шамамен 2023-2024 жылдарға жоспарланып отыр.