Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Басқарма бүгінде 77 жобаны іске асыруда, оның 41-і құрылыс сатысында, ал 36-сы жобалануда.
Санжар Алин атап өткендей, мегаполис тұрғындарын сапалы су құбыры және кәріз желілерімен қамтамасыз ету үшін басқармамен Алатау, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 27 жоба бойынша жұмыстар жүргізуде. Желілердің ұзындығы 690,2 км. Спикер 11 жоба биыл (желілердің ұзындығы 272,2 км), қалған 16 жоба (желілердің ұзындығы 418 км) 2023-2024 жылдары аяқталатынын қосып айтты.
«2020 жылы Наурызбай ауданындағы Қарғалы, Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы шағын аудандарының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін 50 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін «Қарғалы» су тарту құрылысы салына басталды. Сондай-ақ, биыл Ақжар, Тастыбұлақ, Шұғыла, Таусамалы шағын аудандары, Жаңатұрмыс және Қырғауылды шағын аудандарының 100 мың тұрғынын сумен жабдықтайтын осыған ұқсас құрылысты Ақсай өзенінде бастау жоспарлануда», - деп хабарлады С. Алин.
Сондай-ақ, басқарма сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамтамасыз ететін 25 объект жобасын әзірлеуде.