Жоғары мәртебелі САК Қажылық және умра министрі д-р Тауфиқ бен Фаузан әл-Рабиа мырза ертең, дүйсенбі күні «Saudi Vision 2030» бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру жолында умра жасаушылардың Сауд Арабиясына келу рәсімдерін жеңілдетіп, діни рәсімдерін барынша қолайлы әрі тыныш жағдайда өтеп, оларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, діни және мәдени тәжірибелерін байыту бойынша екі тарап арасындағы жемісті ынтымақтастық жолдарын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасына ресми сапарын бастайды.
Бұл сапар умра жүйесі аясында жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдардың алдыңғы қатарлы «Масар» электрондық портал аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қажыларға электронды платформалар арқылы ұсынылатын опциялар мен шешімдерді әртараптандыру және умра жасаушылар мен туристтер Сауд Арабиясының мәдениетінің әртүрлілігімен танысу үшін кез келген қалада емін-еркін жүруге жағдай жасауға бағытталған күш-жігерінің жалғасы ретінде ұйымдастырылып отыр.
Сапар барысында Министр мырза қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалармен ұйымдастыру іс-шараларын талқылап, оларды Қазақстан Республикасынан келетін умра жасаушылар мен туристерге қызмет көрсетуге дайындық жұмыстармен таныстырып, олардың умра міндеттері мен туристік сапарларын жеңілдету бойынша бірқатар ресми кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, Министрліктің Алланың қасиетті үйі Қағбаға келетін қонақтарға қызмет көрсету бойынша күш-жігерінің бір бөлігі ретінде екі тараптың мамандары арасында қызмет көрсетуді жеңілдету және процедуралық жұмыстар туралы білімді арттырудың ең жақсы жолдары туралы ортақ түсіністікке қол жеткізу мақсатында техникалық және процедуралық мәселелерді талқылануы жоспарлануда.