Nusuk Қажылық пен Умра жасау, сондай-ақ Мекке мен Мединаға бару үшін жеңілдету жағдайлардын жасау мақсатында әзірленген интеграцияланған цифрлік платформасы
Сауд Арабиясы, Қажылық және Умра Министрі Жоғары мәртебелі доктор Тауфик әл-Рәбиа жетекшілігімен, Сауд Арабиясына бұрынғыдан да көп мұсылмандарды қабылдау және негізгі сауда серіктестерімен қарым-қатынас жасау жоспарларымен бөлісу үшін Nusuk интеграцияланған цифрлық үкімет платформасының алғашқы жеке роуд-шоуын өткізді.
Кеңейтілген қажылық бағдарламасының бөлігі ретінде Nusuk Сауд Арабиясына баратын мұсылмандардың таңдау мүмкіндіктерiн арттырады және жалпы тәжірибені жақсартады. Платформа Умра жасау үшін келушілердің визаларды, рұқсаттарды, брондау процестері мен процедураларын жеңілдетуге көмектесетiн, сондай-ақ Мекке, Медина және Сауд Арабиясындағы басқа да көптеген тарихи діни орындарға арналған арнайы пакеттерді қамтитын қызметтердің жаңа спектрін ұсынады.
Процестерді оңтайландыру арқылы платформа алдағы 12 айда Сауд Арабиясы қабылдай алатын Қазақстаннан қажылыққа баратындардың санын төрт есеге арттырады деп күтілуде. Кедергілер мен тосқауылдарды жою арқылы Сауд Арабиясы Умра мен Зиярат жасау үшін Мекке мен Мәдинаға баратын мұсылмандардын санын арттыруға мүмкіндік ашады.
Сапар барысында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды және Nusuk өкілдері Сауд Арабиясының діни, мәдени және тарихи туристік орындарын талқылау үшін жетекші туристік сауда ойыншыларымен кездесті. Сондай-ақ Сауд Арабиясы қажылық және умра тарихын арнайы Vision 2030 көрмесімен атап өтті.
Сауд Арабиясы Қазақстандағы қатысуын біртіндеп ұлғайтып, арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу және ұлттық авиакомпаниялар мен арзан тасымалдаушылардың көмегімен елдер арасындағы әуе қатынасын жақсарту жоспарларын әзірлеуде, бұл Сауд Арабиясына баруды ыңғайлы әрі үнемді етеді.
Жаңа бастамалардың мақсаты - тұтас рухани тәжірибе құру және қажылық сапарлардан тыс Сауд Арабиясындағы исламдық тарихи орындарға баруды жоспарлаған саяхатшыларды қарсы алу.
Nusuk платформасының басқарушы директоры Фахд Хамидаддин мырзаның айтуынша, «Nusuk іске қосылуы 2019 жылы Сауд Арабиясында eVisa іске қосылғаннан кейінгі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Сауд Арабиясы Қазақстан Республикасынан және әлемнің түкпір-түкпірінен неғұрлым көп мұсылмандарды қабылдауға ұмтылуда. Жаңа Nusuk платформасының және Қазақстандағы туризм жөніндегі біздің сауда серіктестерімізбен ынтымақтастықтың арқасында біз шекараларды жоямыз, таңдау және саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтеміз, сондай-ақ мұсылмандардың өз рухани жолын өту мүмкіндігін қол жетімді ету үшін шығындарды азайтамыз.»
Қазақстан Республикасы Сауд Арабиясының eVisa бағдарламасының мүшесі болып табылады және ел азаматтары туристік визаны бірнеше минут ішінде онлайн режимінде рәсімдеп, ала алады. Виза 49 елдің азаматтарына қол жетімді және соңғы ұзартуларымен Ұлыбритания, АҚШ, ЕО және Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына Сауд Арабиясына баруға мүмкіндік береді.
Сауд Арабиясы халықаралық саяхатшылар мен Қазақстаннан келушілер үшін бұрын COVID-19 таралуына байланысты енгізілген барлық шектеулерді алып тастады. Сауд Арабиясына бару үшін берілген визаның кез келген түрі бар келушілер қажылық мерзіміне қарамастан умра жасай алады.
Nusuk туралы қосымша ақпаратты nusuk.sa сайтынан немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық пошта мекенжайына жазып алуға болады.
NUSUK платформасы туралы
Сауд Арабияса алғашқы ресми интеграцияланған Nusuk цифрлық платформасы қажылыққа келгендер мен қонақтарға Мекке мен Мединаға, сондай-ақ олардан тыс жерлерге сапарларын жоспарлауға арналған қолданылуы оңай порталды ұсынады. Nusuk платформасы Vision 2030 Сауд Арабиясы стратегиясының Pilgrim Experience («Қажылық тәжірибесі») бағдарламасының бастамасы болып табылады. Nusuk көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар электронды виза алуға өтініш беруден бастап қонақ үйлер мен рейстерді брондауға дейін өз сапарын оңай ұйымдастыра алатын болады. Кейінгі кезеңде, Nusuk платформасын маңызды нысандарға баруды жоспарлау, көлік іздеу, бағдарды құру, сондай-ақ интерактивті карталарға қол жеткізу үшін пайдалануға болады.