Қазіргі уақытта Қазақстанда 150 мыңнан астам естімейтін және нашар еститін адам, ал Алматы қаласында есту қабілеті нашар 10 мыңнан астам адам тұрады. "Ten Qogam" есту қабілеті бұзылған адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының басшысы Аманбике Ерғалиева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында халықтың осы санатындағы адамдарға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтып берді.

Аманбике Ерғалиеваның айтуынша, олар қоғамда бейімделуге көмектеседі, психологиялық, құқықтық қолдау көрсетеді, тұрмыстық, әлеуметтік және қаржылық дағдыларды үйретеді.

Есту қабілеті бұзылған көптеген азаматтарға жұмыс табуға, өз ісін ашуға көмектеседі. Әдетте, бұл аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье, такси, киім дүкендері, handmade өнімдері, сонымен қатар олар құрылыс саласында, кассада қызмет көрсетуде, тауарларды өлшеу және орауда, баспаханаларда, жаттықтырушы болып жалданады.

"Ten Qogam" орталығына мүгедектігі бар барлық адамдар, оның ішінде олардың ата-аналары мен жақындары жүгіне алады. Біздің орталықта әлеуметтенуге көмектесетін психолог кеңес береді", - деді А.Ерғалиева.

Сондай-ақ брифинг барысында республика бойынша есту қабілеті шектеулі жандарға арналған мамандандырылған 24 мектеп бар екені белгілі болды. Алматыда олардың екеуі бар: No1 арнаулы түзету мектебі және есту қабілеті бұзылған №5 арнайы түзету мектебі. оларға арнайы жағдй жасалған үш колледж бен Туризм және спорт академиясынан түлектердің жоғары және орта арнаулы білім алуға мүмкіндіктері бар.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі