Алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауында Алматы тұрғындары тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады.
Заңнамада уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылғанын атап өтейік. Сондықтан қазіргі сайлау науқанына дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтардың дауыс беруіне жол берілмей келген.
Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл азаматтардың тіпті сайлау күні тікелей сайлау учаскесінде тіркелуіне мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес азаматты сайлау құқығын жүзеге асыру және сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды тіркеу тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде дауыс беру күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратқа немесе үй-жайға тіркеуге рұқсат етіледі», - делінген ішкі мигранттарды тіркеудің жаңартылған қағидаларында.
Осылайша, тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады.
Сайлау күні әрбір ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, олар арқылы дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады.
Келесі күні, 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.
Алматыда сайлау күні 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, қалада тіркеуі жоқ болған жағдайда оларға тіркеліп, дауыс беруге болады, бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты.
Учаскелердің тізімі қоса беріледі.