Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы дәрігерлерінің қатысуымен брифинг өтті. Арнайы іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған.
Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Альмира Заурбекова мегаполисте 21 қараша – 1 желтоқсан аралығында «Теңдік уақыты!» ұранымен онкүндік өтуде. Бұл іс – шара ЮНЕЙДС ұйымының бастамасымен өтуде. Жалпы халықтың, әсіресе жастардың АИТВ жұқпасының алдын алу, оны жұқтырып алмау мәселелері бойынша ақпараттық деңгейін көтеру үшін бәрі жасалып жатыр.
«Алғашқы жағдайдың тіркелгеніне қырық жылдан астам уақыт өтсе де, АИТВ –жұқпасы әлі күнге ауқымды қатерлердің бірі болып отыр. «Теңдік уақыты!» ұраны — бұл іс әрекетке шақыру. Ол барлығымызды ЖИТС-ті жоюға қажетті тексерістен өткен тәжірибелік шараларды іске асыруға жетелейді. Олардың ішінде: көмекке мұқтаж әрбір жанның қажеттілігінің қамтамасыз етілуі, яғни АИТВ-жұқпасын емдеу, тексерілу және алдын алу үшін қолжетімділік пен сапаның және артуы», - А.Заурбекова.
Науқан күндері Алматы қалалық ЖИТС орталығының медицина қызметкерелері қауымдастықтар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, халықтың АИТВ –жұқпасы туралы ақпараттық деңгейін арттыруға бағытталған әртүрлі шараларды ұйымдастырып, өткізеді.
АИТВ-жұқпасына тексерілуден өтудің және берілу жолдары туралы ақпараттылықты жоғарылату мақсатында ЖИТС Орталығының мамандары медицина қызметкерлері мен заң қызметкерлеріне, педагогтар мен әскери және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне, аутри-қызметкерлерге арнап семинарлар мен тренингтар өткізеді. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттері арасында «АИТВ және стигма/дискриминация» тақырыбына пікір-талас жоспарланды. Бизнес-құрылым өкілдері арасында ақпараттық материалдарды тарата отырып, АИТВ-ға тесттен өткізу акциясы ұйымдастырылады.
Білімді арттыру, сондай ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген стигма және дискриминация жағдайларын болдырмау мақсатында арнай орта білім орындарының студенттері арасында «Қауіпсіздік марафоны» атты QUIZ ойыны, сонымен қатар Сенім пункттерінің медбикелері арасында «Дискриминацияға жол жоқ!» тақырыбында креативті шарлар челленджін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Еліміздегідей, Алматы қаласында да АИТВ – инфекциясы ауру таралуының шоғырланған сатысында. Қалада 15-49 жас аралығында АИТВ – инфекциясының таралу деңгейі 0,44 пайызды құрайды, болжам бойынша 0,57.
Қалада жыл сайын халықтың 16-17 пайызы АИТВ-ға тестілеуден өтеді (шамамен 350 мың зерттеу). Нормативтік құқықтық құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында құпия медициналық тексерілудің сапалы әрі қолжетімділігі кепілдендіріледі. АИТВ - статусын арнайы тест тапсыру арқылы ғана білуге болады. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында АИТВ-ға тесттен тегін өте алады.