«Наркостоп» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының қолдауымен нашақорлар мен олардың жақындары үшін 2 айдан бері тегін жұмыс істеп тұрған жедел желіні іске қосты.
(8-727) 339-51-99, whats app +7-747-461-67-01 нөмірлері бойынша аддиктолог мамандар ауру туралы егжей-тегжейлі әңгімелейді, кеңестер жүргізеді, сонымен қатар, қажет болған жағдайда білікті психологиялық көмек көрсетеді.
«Есірткіге тәуелділік 21 ғасырдың обасына айналды. Бұл тұрмысы жақсы отбасылардың ауруы деп аталады, өйткені 90-шы жылдардағы нашақорлықтан айырмашылығы, қазіргі синтетикалық нашақорлар негізінен тұрмысы жақсы отбасылардан шыққан және бұл мұндай нашақордың туыстары үшін күтпеген жайт болады. Емдеудің сәтті болуы көмектің қаншалықты дұрыс көрсетілуіне байланысты, бірақ бұл тәуелділік салыстырмалы түрде жас және ол туралы ашық ақпарат көздерінде мәлімет аз болғандықтан, нашақорлардың туыстары уақыттарын жоғалтып алуы мүмкін», - дейді, «Narkostop» жобасының үйлестірушісі Нұржан Жақыпов.
Спикердің айтуынша, «жедел желі» телефонына күніне 30-ға жуық қоңырау келіп түседі.
«Анонимділік шартымен көмек көрсетіледі. Біз нәтижеге қанағаттанамыз және қызметімізді тиімді деп санаймыз. Кейбір абоненттер операторлармен сөйлескеннен кейін емделу туралы шешім қабылдады және біздің тегін көмек көрсету топтарына қатыса бастады. Туыстары қиын жағдайға тап болып, тәуелді болып қалған қала тұрғындарын бейжай қарамауға, уақытты босқа өткізбеуге шақырамын. Көмектесу мүмкіндігін өзіңіз іздеңіз немесе біздің телефондарымызға хабарласыңыз, онда сізге білікті көмек көрсетіледі», - деді, Нұржан Жақыпов.
Сонымен қатар, полиция Департаменті 8-705-549-70-25 «жедел желі» телефонын еске салды, онда азаматтар есірткі қылмыстары туралы ақпаратты жасырын түрде хабарлай алады, оның ішінде есірткі сайттарының трафареттік жарнамасы салынған орындар жайында хабарлай алады.
Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі