Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Владимир Юсупов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
«Амбулаториялық-емхана желісіндегі медициналық ұйымдарда, оның ішінде жекеменшік медициналық орталықтарда тіркелген тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасуда. Қазір қалада КазВак және Синофарм вакциналары қолданылуда, бүгіннен бастап тұрғындарды Пфайзер вакцинасымен иммундау жоспарлануда», - деді ол өз баяндамасында.
Жалпы, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап вакцинация басталғаннан бүгінгі күнге дейін аяқталған вакцинация курсымен 1 313 040 адамның 1 млн 221 мың 152-сі қамтылды, бұл 93 пайызды құрайды. Қалғандары Қазақстан Республикасынан кеткендіктен екпе алмаған болуы мүмкін. Олардың арасында екінші дозамен вакцинациялау кезінде вакцинацияға қарсы көрсетілімдері барлары да анықталған (жүктілік, жаңадан анықталған аурулар және т.б.).
Вакцинацияның толық курсымен 640069 адам ревакцинацияланды.
«Бүгінгі таңда қаланың медициналық ұйымдарының балансында КазВак вакцинасының 7416 дозасы, SinofarmVeroCell вакцинасының 5633 дозасы және Пфайзер вакцинасының 25 740 дозасы бар», - деп түйіндеді ол.