2023 жылға қойылған міндеттер осындай. Оларды Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингіне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров атады.
Келесі жылы 7 шағын өндірістік паркті іске қосу, креативті салалар үшін венчурлық қор құру, басым бағыттар бойынша 50 млрд теңгеге дейін 2,6 мыңға жуық ШОБ жобасын қаржыландыру жоспарлануда. Жалпы, инвестиция ретінде оған 1,5 трлн теңге тартылады.
Соның арқасында 2023 жылы Алматы қаласы экономикасының өсімі 4,4 пайызды құрайтын болады. Сөзінің жалғасында Әлішер Әбдіқадыров бүгінде Алматыда «қаңтар» оқиғасынан кейін шағын және орта бизнестің қызметі толық қалпына келгенін айтты. ШОБ субъектілеріне 16,2 млрд теңге төленді.
«Шағын кәсіпкерліктің белсенділігіне қызметтердің кеңеюі мен ынталандыру шаралары ықпал етті. Бұл ретте 115,4 млрд теңгеге 2,7 мыңнан астам жоба қолдау тапты», - деді ӨКҚ спикері.