Бұл сұраққа Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласының Энергетика және сумен қамту басқармасының бөлім басшысы Нұрбақыт Серікбай жауап берді.

Алматыда табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі қорлары мен желілерінің айтарлықтай тозғаны байқалады. Сумен жабдықтау және су бұру салаларында 50%-дан астам, жылу және электр энергиясымен жабдықтау салаларында 60%-дан астам.

Апаттар тіркелген жоқ, дегенмен жабдықтың тозуы салдарынан 2015 жылдан бастап жылу энергетикасы саласында қондырғылардың істен шығуы (I және II дәрежелі ақаулар) байқалады. 2017 жылдан бері істен шығулар саны мен олардың ұзақтығы қысқарып келе жатқанына қарамастан, аталған фактілер тіркелуде.

Сонымен бірге, соңғы жылдары Алматыда коммуналдық қызметтерге тарифтер өзгергені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева айтты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес базалық субъектілер үшін тарифтер 5 жылға бекітіледі

Жылу-энергетика және электроэнергетика салаларында жыл сайынғы жоспарлы өзгерістер бекітілген тарифтерді басқарманың тапсырыстары бойынша 3-4% шегінде, өйткені 5 жылға арналған тарифтер Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін ескере отырып бекітіледі. 2022 жылы Мемлекет басшысының мораторий енгізу туралы жарлығынжүзеге асыру және тұрғындар үшін 180 күнге дейін коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағалардың көтерілмеуін қамтамасыз ету мақсатында жарлығын іске асыру және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағалардың 180 күн бойы көтерілмеуін қамтамасыз ету мақсатында департамент жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау тарифтерін 2021 жылғы деңгейінде бекітті.

Сумен жабдықтау және су бұру салаларында 2019 жылдан бастап тарифтер көтерілген жоқ, өйткені «Алматы су» ШЖҚ МКК департамент бекіткен 2020-2024 жылдарға арналған орташа тариф бойынша жұмыс істейді.