Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында заңсыз өнімдерге арналған брифинг өтті.

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев олардың тәжірибесінде белгілі брендтің атын жамылып, заңсыз жолмен шығарылған шұлықтардың ірі партиясы тәркіленген жағдай кездескенін айтты. Шұлықтарды балалар үйінің тәрбиеленушілеріне деп өткізбек болған, бірақ сараптамадан кейін ондай іс-әрекетке бармаған.

Себебі, жалған өнім тек заңсыз ғана емес, зиянды болып шыққан.

«Шұлықтар тәркіленгеннен кейін іс сотқа жіберілді. Біз сотқа өнімді балалар үйіне немесе әлеуметтік мекемелерге беруді ұсынуды жөн көрдік. Сараптамаға сәйкес, контрафактілік өнімдердің адам терісіне қауіпті химиялық қасиеттері бар екені анықталды. Сот шешімімен өнімдер жойылды», - деді А.Бекботаев.

Мамандар кез келген өнімді сатып алмас бұрын оның лицензиясын сұрау керектігін Алматы тұрғындарының есіне салды.
Алматы қалалық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев жалған өнімдердің ішінде Samsung брендінің сауда белгісі қолданылған өнімдер анықталғанын айтты. Сонымен қатар, тексерулер барысында алкоголь өніміне «Московская» сауда белгісін пайдалану кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Сол кезде 1000-нан астам зат тәркіленген.

«Сот шешімімен кейін бұл контрафактілік өнімдердің барлығы жойылды», - деп хабарлады Е.Жетпісбаев.