Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында су тасқыны маусымына дайындыққа арналған брифинг өтті. Елордадан онлайн брифингке «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов қосылып, мегаполиске іргелес өңірлердегі жағдайға тоқталды. Ол сонымен қатар мегаполистегі ауа температурасының қалай өзгергенін хабарлады.
Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыда көктем ерте шығады. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Орташа алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған толығырақ болжам 15 ақпанда жарияланады (және он күндік және апталық болжамдармен жаңартылады).
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Әділ Ахметов Алматыда ауа толқындарында жылылық сезіліп, ауасының температурасы айтарлықтай көтеріліп келе жатқанын айтты. 1976 жылдан бастап орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,5°С-қа көтерілді. Жылдың барлық айларында температура тұрақты түрде көтеріледі. Температура ең жоғары жылдамдықпен наурызда көтеріледі - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа, ал ақпанда - 10 жыл сайын 1,3 °С-қа көтеріледі.
Алматыда да температуралық режим келесідей өзгерістерге байланыты сипатталады:
- температурасы нөлден төмен және айтарлықтай аязды (минус 20 °С төмен) күндер саны азаяды;
- температурасы 30 35 °С жоғары ыстық күндер саны артады.
«Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күр жылынуынан қауіп артады», - деді Қазгидромет өкілі.
Көршілес облыстардағы жағдайға келетін болсақ, спикердің айтуынша, 5 ақпанда Алматы облысында, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
1 ақпандағы жағдай бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Жетісу Алатауының өзен алаптарында ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа жылдық мәннен 15-21%-ға жоғары, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейі мен Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзендердің бассейндерінде орташа жылдық мәндер шегінде 15-21%-ға жоғары.
Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндеріндегі тау өзендерінің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәннен 39%-ға жоғары, Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі және Кетмен жотасының солтүстік беткейі өзендердің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәндер шегінде.
«27 қаңтарда «Қазгидромет» РМК 2023 жылдың 1-10 ақпанына Қазақстанның оңтүстік облыстары үшін ауа райы болжамы бойынша жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарындағы өзендерде көктайғақ құбылыстарыныңбаяулайтынын және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп жалғастырды сөзін Әділ Ахметов.
30 қаңтарда Қазгидромет 2023 жылдың 1 ақпаны мен 3 ақпаны аралығында Қызылорда, Түркістан қалаларында қардың қарқынды еруі күтіледі. Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температура фонының жоғарылауына байланысты дауылды ескерту жариялады, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ақпан және наурыз айларында температурасының күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан еріген жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін. Алматының оңтүстік жартысында ақпан айында жауатын жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда.
Қардағы су қорының көлеміне, топырақтың күзгі ылғалдылығына, топырақтың қату тереңдігіне талдау жасай отырып, Алматы облысы су басу қаупі жоғары өңір ретінде алдын ала бағаланды.
Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы 2-3 күн бұрын дауылды ескертумен хабарлайды.