Алматыда көлікті заңдастыруға берілген 10 327 мың өтініштің 1649-ы рәсімнен өтіп, мақұлданған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбаек Баятанов хабалады.

Еске салайық, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген және тіркелмеген автокөліктерді біржолғы заңдастыру Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жүзеге асырылады. Еліміздегі барлық Мамандандырылған ХҚКО-да 23 қаңтарда заңдастыру басталды.

«Заңдастыру ережелері өтініш берудің екі әдісін қарастырады: Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы. Заңдастырудың негізгі шарттары: көлік құралдарына 200 000 теңге мөлшерінде оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу ставкасы қолданылады», - деді Б.Баятанов.

Бұл жағдайда көлік құралы келесі талаптарға сай болуы керек:

  1. 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
  2. Іздеуде жоқ;
  3. Бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік тіркеуден шығарылған;
  4. Кедендік ресімдеуден өтті.

Автокөлікті қысқа мерзімде заңдастыруға болады. Өтінішті қарап, шешім қабылдау мерзімі небәрі 2 күн, полковник Баятановтың айтуынша, Алматыдағы арнайы ХҚКО-да кезек жоқ.