Алматы қ. сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында АҚШ атынан бақылаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушыларының Миссиясы мүшесі Ричард Уильям Вейтцтың қатысумен баспасөз конференциясы өтті. Ол өзінің Алматыдағы сайлауды бақылау барысында алған алғашқы әсерімен бөлісті.
Спикердің айтуынша, ол таң атқалы Алматы қаласындағы 12 сайлау учаскесінде болған, әлі онына баруға ниетті. Ричард Уильм Вейтц онымен бірге Қазақстанға Тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, бүгін олар Астанада жұмыс істеп жатыр.
«Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету», - деді ол.
Ричард Уильям Вейтцтың пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ-тың болуы Америка-Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өмірлік маңызды рөлін растайды.
«Біз трансұлттық лаңкестікпен күрес, аймақтық қақтығыстарды реттеу, экономикалық ресурстарды игеру, әлеуметтік-экономикалық даму сияқты салаларда ынтымақтасамыз», - деп атап өтті АҚШ атынан келген бақылаушы.
Сондай-ақ, ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені тәуелсіз кандидаттар, плакаттар мен үгіт-насихат жұмыстары көп.
АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, спикер АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Ричард Уильям Вейтц біздің жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болатынын атап өтті. Ұсыныстарға сілтеме жасай отырып, америкалық бақылаушы Қазақстандағы пікірсайыстарға көбірек ақша бөлуге болар ма еді деген пікір айтты, өйткені АҚШ-та, мысалы, оған миллиондаған доллар жұмсайды, ал Қазақстан әлдеқайда аз ақша бөлінеді.
Ағымдағы сайлауды тікелей бақылауға қатысты спикер былай деді: «Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді», - деді Ричард Уильям Вейтц.