Төтенше жағдайлар департаментінің тау-орман өрттерін сөндіруге дайындығын, рұқсат етілмеген орындарда от жаққаны үшін жауапкершілік және тілсіз жаудың алдын алу туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов пен «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ орманды қалпына келтіру және жаңғырту бөлімінің басшысы Райхан Мұхаметжанова айтып берді.
Алматыда күн жылысымен өртке қауіпті кезең басталды. Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖ жөніндгі департаменті өрттің алдын алу мен сөндіруге қатысты іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Басқарма жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, құрғақ өсімдік жамылғысы (250 га) және минералданған жолақтарды құру (85 км) бойынша жұмыстарды жүргізу қажет аумақтарды анықтады. Қазірдің өзінде жол бойындағы 10 шақырым жер жыртылып, қалаға іргелес ашық алаңқайлар, сондай-ақ жалпы алаңы 15 га құрғақ өсімдік баурайы жыртылды.
іргелес ашық алаңқайлар, сондай-ақ жалпы алаңы 15 га аумақта құрғақ өсімдік баурайы жыртылды.
«Сонымен қатар, табиғи өрттерді сөндіру үшін 13 адамнан тұратын(2 бірлік жол талғамайтын техника, 7 аспалы өрт сөндіргіш, 25 петарда, 20 күрек) бір тәулік бойына кезекшілік ететін табиғи өрттерді сөндіру үшін біріктірілген жедел әрекет ету тобы құрылды. Табиғи өрттердің орын алуы туралы қоңырау түскен кезде департаменттің күштері мен құралдары №2 жоғарылатылған шақыру разрядына жіберіледі», - деді Д.Жүсіпов.
Сондай-ақ жол талғамайтын техникалар, аспалы өрт сөндіргіштер, Алматы қалалық Құтқару қызметінің авиациялық бөлімшесі дайындықтан өтті.
Р.Мұхаметжанованың келтірген деректері бойынша, өткен жылы Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында 10 орман өрті тіркелді.
Төтенше жағдайлар департаменті демалушылардың назарына Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіру үшін арнайы жабдықталған 14 орын бар екенін еске салады: 12 орын Алмаарасан шатқалының аумағында, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында, 2 орын Бутаковкада.
«Айта кететін жайт, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және арнайы белгіленбеген жерлерде өрт тұтандырғаны үшін орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға құқылы. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 10-нан 100 АЕК-ке дейін өзгеріп тұрады», - деді Д.Жүсіпов.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды таулы орман алқаптарында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
- өрттің туындауына себеп болуы мүмкін қоқыс заттарын демалыс орындарында қалдырмау, өздерінен кейін тазалап кету;
- тұтанған сіріңке, темекі тұқылын лақтырмау, құрғақ шөпті тұтатпау;
- арнайы жасалмаған орындарда от жағуға болмайды, осы мақсатта мангал және басқа да тамақ пісіру құралдарын қолданбау керек.