Almaty Ustazy байқауы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бірінші кезеңге қатысуға өтінімді осы жылдың 14 сәуіріне дейін беруге болады. Байқау туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері хабарлады.

Байқау Алматының мемлекеттік мектептерінде 36 жасқа дейінгі негізгі пәндерді оқытатын 1-11 сынып мұғалімдері арасында өткізіледі.

"Байқаудың мақсаты - педагогтардың таланты мен шығармашылық әлеуетін анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және педагог мәртебесін арттыру", - деді ғылыми-әдістемелік орталық директорының орынбасары Назгүл Биболова.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, байқау үш кезеңде өтеді:

  • Бірінші кезең - "менің білім философиям"тақырыбында мультимедиялық мақала әзірлеу.
  • Екінші кезең – "Мұғалім-кәсіпқой" конкурстық сабағын өткізу.
  • Үшінші кезең- "Мен – мұғалім-көшбасшымын" тақырыбында авторлық шеберлік сабақтарын өткізу (өз педагогикалық тәжірибем мен шеберлігімнің тұсаукесері).

Байқау жеңімпаздары 5 млн теңге алады. Сонымен қатар, бес финалист Хельсинкиде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

"Білім беру саласын дамытудың белгісі жаһандық цифрландыру деңгейі болып табылады. Осы конкурсты ұйымдастыра отырып, біз педагогтарымыздың ақпараттық құзыреттілігін дамыту және қалыптастыру дәрежесіне үлкен мән береміз",-деп атап өтті өз кезегінде ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыс бөлімінің басшысы Әкімжан Сайлыбаев.

Өткен жылы байқауға Алматының 3000-нан астам жас педагогы өтінім берді. Қазіргі уақытта бір жарым мыңнан астам адам тіркеуден өтті. Ұйымдастырушылар Жыл сайын қатысушылар саны артады деп үміттенеді.

Байқауға қатысқысы келетіндер платформа арқылы тіркелуі керек. https://almatyustazy-2023.kz/. өтінім 14 сәуірге дейін толтырылуы керек. Бірінші турдың нәтижелері 26 сәуірде шығарылады.

Қатысушыларға қатысты барлық сұрақтар арнайы Телеграм-арнада қойылуы мүмкін.
https://t.me/almaty_ustazy_support