2023 жылға 517,5 млн теңге сомасына 375 грант беру жоспары бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев айтып берді.
Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар әлеуметтік осал топтардың азаматтары үшін бөлінетін болады. Бүгінгі таңда комиссия 1059 өтінімді қарады, оның 94 – і мақұлданды, 965 өтініш қабылданбады.
"400 еселенген айлық есептік көрсеткіш (1 380 000 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік грант - жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал", — деді С.Кенжебаев.
Спикердің мәліметінше, гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Гранттар алудың негізгі шарттары
Грант алушы тиіс:
1. Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
- Тіркелген жұмыссыздар
- Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)
2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
- Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)
- Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
- Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы)
- Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері
- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар
- Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар
3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы. (Оқуды онлайн түрде skills.enbek.kz порталы арқылы өтуге болады)
4. Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай)жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау
"Грант алуға кандидаттардың өтініші мен бизнес-жобасын халықты жұмыспен қамту орталығы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрылған комиссияның отырысына қарауға шығарады. Халықты жұмыспен қамту орталығы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.", - деп толықтырды спикер.
Сондай-ақ, грант алған сәттен бастап басты шарт жеке кәсіпкер ретінде тіркелу болып табылады (үш ай ішінде ЖК тіркеу қажет).
Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz. порталына тіркелу қажет. Барлық сұрақтар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Достық даңғылы 85, "әлеуметтік қызметтер үйі" мекенжайы бойынша немесе 310-47-82 бірыңғай нөмірі бойынша хабарласуға болады.