Келесі оқу жылынан бастап ведомстволық ЖОО-да үш жаңа білім беру бағдарламасы пайда болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов мәлімдеді.
Академияда "Құқық қорғау қызметі", "Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету", "ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер" сияқты үш жаңа бағыт бойынша ішкі істер органдары жүйесінің кәсіби кадрлары дайындалады.
"Соңғы жылдары киберқылмыс, интернет-алаяқтық тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Осы қылмыстарға тиімді қарсы тұру керектігін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды. Осы бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмыстарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар киберпол деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз", - деді Е. Бимолданов.
Сонымен қатар, академияда қазіргі және болашақ қызметкерлерді интернет арқылы жасалатын қылмыспен күресу бойынша жұмыс дағдыларына үйрету үшін киберзертхана мен киберполигон ашылды.
Академия тегін білім алып, жайлы жатақханада тұруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ артықшылықтар қатарында тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету, тұрғылықты жеріне бару және кері қайтару (пойызбен) кіреді. Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең.
Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер бакалавры» және «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бакалавр» біліктіліктері бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сонымен қатар «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі.
Оқуға түсу бойынша тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) полиция басқармаларына (бөлімдеріне) немесе тікелей Алматы академиясына жүгініңіз. Немесе +7-705-755-25-77, +7-775-930-55-88 телефондары бойынша ақпарат алуға болады. Үміткер медициналық комиссиядан және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтуі керек. ҰБТ нәтижесі 50 баллдан төмен болмауы тиіс.