Әділет министрлігінің қолдауымен еліміздегі екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасында ЖШС басшысын онлайн ауыстыру туралы өтінім беру мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін бұл үшін egov.kz порталдағы жеке кабинет арқылы өтінім беру талап етілді.
Қызмет жалғыз құрылтайшысы бар ЖШС басшысы лауазымына тағайындалатын клиенттер үшін қолжетімді.
ЖШС басшысының ауысуы туралы хабарлама беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде өтінім беру, компанияның БСН енгізу, өтінімдегі барлық жолдарды толтыру (ЖШС деректемелері, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні) және құрылтайшыға келісуге жіберу жеткілікті. Өтінімді құрылтайшы келіскеннен кейін өтінім автоматты түрде «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына тіркеуге жіберіледі.
«Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы өтінімді сәтті өңдеу және деректердің өзгеруі туралы нәтиже ЖШС-нің жаңа басшысына және құрылтайшысына жіберіледі.
«Бүгінгі таңда Әділет министрлігінің 53 мемлекеттік қызметі толығымен электрондық форматқа көшірілді, оның 32-сі мобильді қосымшаларда, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы қол жетімді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда»,-деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.
«Екі жылдан астам уақыт бойы Halyk командасы мемлекеттік қызметтерді тұтынуды кез келген азамат үшін ыңғайлы және қолжетімді ету мақсатына қол жеткізу үшін Әділет министрлігімен тығыз қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатыр. Мысалы, бұл қызмет пайдаланушыларға Halyk қосымшасында заңды тұлға басшысының лауазымын «қағаз» жүзінде келісуден толық цифрлық қашықтықтан сервиске көшуге мүмкіндік береді», – деді Банк Басқармасы төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Halyk цифрлық экожүйесі клиенттерге өз қосымшасында 35-тен астам мемлекеттік қызметтер мен сервистерді ұсынады. Әділет министрлігімен ынтымақтастықта мынадай қызметтер де іске асырылды: заң туралы 7 мәлімет. неке қиюды тіркеу, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер, туу туралы куәлік беру.