Отбасылық-тұрмыстық күш көрсету үшін жауапкершіліктің күшейгені туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков айтты.
Алматының тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтарды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізеді. 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тұрмыстағы құқық бұзушылықтардың үлесі барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың 0,05 пайызын құрады. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 2,6 есеге (14-тен 6-ға дейін) азайған.
Диас Дуанбековтың айтуынша, тұрмыс барысында кездесетін қылмыстың негізгі түрі – адам өлтіру және дене жарақатын салу. Мұндай ауыр қылмыстар ерлі-зайыптылар арасында – 2 жағдай, бірге тұратындар арасында – 2, жақын туыстар арасында – 2 оқиға тіркелген. Көбінесе қылмыстар алкогольдік ішімдік тұтыну салдарынан, қызғаныш пен ұрыс-керістен кейін орын алады.
«Отбасылық-тұрмыстық өмірде кездесетін қылмыстық жағдайларды шектеудің бір жолы - құқық бұзушылық жасағандарды профилактикалық есепке алу және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Осылайша өткен мерзімде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1362 адамға қатысты іс қозғалды, 2023 жылдың 5 айында 3141 адам профилактикалық есепке алынды, оның ішінде 2782-не қорғау нұсқамасы шығарылды және 359 тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды», - деді Д.Дуанбеков.
Полицейдің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себебі – ішімдікке салыну мен жұмыссыздық. Мас күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 5 айдың қорытындысы бойынша 101 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Алкогольді сату ережелерін бұзғаны үшін 199 әкімшілік іс сотқа жолданды.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында Қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 15-17 ақпаны және биылғы 27-29 наурыз аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-алдын алу шаралары екі рет өткізілді.
Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, олардың полицияға сенімін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында биыл мамырдың 16-сы мен 18-і аралығында қала аумағында Алматы қаласы, ПД ЖПҚБ бастамасымен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» қалалық акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алу, қылмыстардың жолын кесу, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.