Алматы қаласы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жарты жылдық жұмыстың жиынтық нәтижелерін ұсынды. Соңғы алты айда орталық қаладағы жол жабындарының сапасын бағалау және бақылаумен белсенді айналысты.

«Ағымдағы жылы Алматы қаласы бойынша филиалды қаржыландыру 150 млн теңгені құрады. Осы жылдан бастап қосымша 90 млн теңгеге ведомстволық сараптама бойынша шарт жасалды. Маусым айында Медеу, Бостандық, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарымен жалпы сомасы 17 млн теңгеге шарттар жасалды», - деп хабарлады ЖАСҰО Алматы филиалының директоры Асхат Үсенов брифингте.

ЖАСҰО мамандары 98 рет жол учаскелерін аралап тексеру жүргізді, нәтижесінде асфальтбетон қоспасын төсеу технологиясының 46 рет бұзылу жағдайы анықталды, асфальтбетон жабынының қалыңдығы жеткіліксіз, қоспаның негізі дайындалмаған, негізді тегістеу және басқа да жұмыстар дұрыс жүргізілмеген.

Сондай ақ, басқа да олқылықтар мен ақаулар анықталды:

  • құрылыста 19 бұзушылық анықталды, оның ішінде 16-сы жойылды, мердігер ұйымның жұмысында - 4;
  • орташа жөндеу бойынша - 17, оның 13-і жойылды, мердігерлік ұйымның жұмысында 4;
  • 2 ағымдағы жөндеу бойынша, жойылған жоқ;
  • кепілдік тексерулер бойынша 7, оның ішінде мердігерлік ұйымның жұмысында - 7.

«Жыл басынан бері 14 нысан құрылыспен қамтылды, олар бойынша 41 сынама алынды, оның 26-сы ҚР Ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ «Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қиылысындағы жолайрығы» объектісінде мердігер ұйымдардың өз қаражаты есебінен №4 және №7 съездің жол жабыны қайта төселді. Ведомстволық сараптаманың жүргізілуіне және орташа жөндеудің кеш басталуына байланысты 25 объектінің 8-і орташа жөндеумен қамтылды. Орташа жөндеу 26 сынама алынды, оның 9-ы ҚР СТ талаптарына сәйкес келмейді және ол жайында Тапсырыс берушіге және Мердігер ұйымдарға хабарламалар жіберілді. Ағымдағы жөндеу бойынша 64 сынама алынды, оның 31-і ҚР СТ талаптарына сәйкес келмейді. Тапсырыс берушіге және мердігер ұйымдарға хабарламалар жіберілді», - деді ол.

Алматы облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Әшірбеков облыста жарты жыл ішінде 792 жол-құрылыс материалдарының сынамасы сыналғанын, оның 273-і (34%) стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша 365 сынама, ал облыстық, аудандық және ауылдық жолдар бойынша - 340 сынама алынды.

«Біздің филиалда диагностикалық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Автомобиль жолдарын диагностикалаудың негізгі мақсаты ағымдағы жай-күйлер, параметрлердің сәйкестігі және пайдалану жағдайындағы талаптарға сипаттамалары туралы объективті ақпарат алу болып табылады. Негізгі міндеттер-жол құрылысын тексеру, бағалау, көлікті пайдалану және базаны қалыптастыру. Өткен жылы диагностикамен 1619 км жол зтексерілді, биыл - 699 км. Яғни, жыл соңына дейін біз өткен жылғы көрсеткіштен асамыз. Ведомстволық сараптама өткен жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойынша верификация жүргізіп және қорытынды берді, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 337-і бұйрығына сәйкес биылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бойынша да ведомстволық сараптама жүргізілетін болады», - деп толықтырды ол.

Алматы облысы бойынша филиалдың деректеріне сәйкес жыл басынан бері республикалық желі бойынша барлығы 238 нысан, жергілікті жолдар бойынша (облыстық, қалалық, аудандық) 146 нысан зерттелді. Аталған нысандар бойынша ақаулар анықталды. Мәселен, республикалық желі бойынша 305 ақау анықталды, оның 201 - і жойылды (66%), жұмыста-104 (34%). Жергілікті жолдарда 36 ақау анықталды. Тапсырыс берушіге ақауларды жою туралы ескерту мен тиісті хаттар жолданды.