Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында жедел респираторлық-вирустық инфекциялар бойынша өзекті деректер жарияланды.

Алматыдағы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, вирус бұл жолы да әдеттегідей өршіп кетуі мүмкін, сондықтан қалалық қызметтер бақылау мен алдын алу жұмысына қазірден бастап кірісіп кеткен.

47-аптада Алматыда 32 456 науқас тіркелді, бұл өткен аптаға қарағанда 17,6%-ға, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 37,2%-ға көп. Науқастардың 58,5%-ы балалар (18 992 жағдай). 415 пациент стационарға жатқызылған, олардың 49-ы жүкті әйелдер, 1 жасқа дейінгі 61 бала тағы бар. Бір аптаның ішінде пневмонияға шалдыққан 71 науқас ауруханаға түскен.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері (40–47 апталар) осы дертпен 173 428 адам тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ға көп. 3340 науқас стационарға жатқызылды, оның ішінде 363 жүкті әйел, 1 жасқа дейінгі 464 бала және бар. Пневмониямен түскендер – 591 адам.

Білім беру ұйымдарындағы жағдай қалыпты. 178 мектепте жалпы саны 1930 ЖРВИ анықталды, бірақ шектен шыға қойған жоқ. Барлық мектепте балалар мен қызметкерлерге ЖРВИ мен тұмаудың белгілерін анықтау үшін күнделікті «таңғы» және ауысымаралық тексеріс жүргізіліп жатыр.

«45-аптадан бері қалада А/H3N2 тұмау вирусы және басқа да тұмауға жатпайтын вирустар: риновирус, парагрипп, аденовирус, маусымдық коронавирус айналымда жүр. A/H3N2 штаммын жұқтырған 69 адам расталды, олардың басым бөлігі екпе алмағандар. Барлық науқас қазір ем алып жатыр, жағдайлары қалыпты», – дейді Әсел Қалықова.

Ұлттық сараптама орталығы бөлімшесінде тест-жүйесінің қоры жеткілікті. Барлығы 881 сынама зерттеліп, оның 69-ында A/H3N2 табылды. Тағы басқа 5 риновирус, 8 парагрипп пен 4 маусымдық коронавирус анықталды.

Алматыда 254 115 адам (халықтың 10,8%-ы) егілді, оның 250 мыңға жуығы – ауыруға бейім азаматтар. Вакцинациялау 13 қарашада аяқталды.

ДДСҰ деректеріне сәйкес, солтүстік жартышарда A/H1N1/pdm09, A/H3N2 және В вирусы әлі жүреді, A/H3N2 штаммы басым болуы ықтимал.

Спикер аурудың алдын алатын қарапайым әдісті қолдануға шақырды:

  • иммунитетті нығайтып;
  • адам көп жиналатын жерлерге баруды қысқарту;
  • үй-жайды желдетіп, ылғалды тазалау;
  • науқас адаммен байланысқанда маска тағу;
  • тазалықты барынша сақтап;
  • ауырған жағдайда іс-шаралар мен көпшілік жерлерге барынша аз бару.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ