Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласындағы бөлімшесінің директоры Айнұр Ыдырысова жасанды интеллектің рөлі мен оның мемлекеттік қызметтің болашағына әсері туралы пікір білдірді.

Спикердің айтуынша, жасанды интеллект қазірдің өзінде мемлекеттік органдардың тиімділігіне айтарлықтай ықпал етіп келеді: ол қағазбастылықтан құтқарып, үлкен көлемдегі деректерді талдауды жеделдетіп, заңдылықтарды анықтауға көмектесіп жатыр.

Солай дегенімізбен, бірақ технологиялар да адамның орнын басып, оны түгелдей алмастыра алмайды деген ой айтады Айнұр Ыдырысова.

«Мемлекеттік басқару – бірыңғай деректен ғана тұрмайды. Бұл – жауаптылық, этика, әлеуметтік факторды түсіну, адамдармен, контекстпен жұмыс істей білу деген сөз. Алгоритмдер көмектескенімен, бірақ олар адам сияқты жұмыс істеп, күрделі шешім қабылдауға қауқарсыздау», – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, алдағы жылдары жасанды интеллект мемлекеттік қызмет құрылымын өзгертеді, бірақ негізгі басқарушылық лауазымдар сол қалпы қала бермек. Деректерді талдау, цифрлық шешімдерді басқару, процестерді модельдеу мен бақылау жүргізу сияқты жаңа рөлдер пайда болады. Кейбір қағазбастылықтан арылып, қызметкерлердің құзыреті де технология дамыған сайын жағынан күрделене түспекші.

«Алдағы жылдардың міндеті – адамды технологиямен алмастыру емес, мемлекеттік қызметшілерді ИИ-ді тиімді қолдануға үйрету. Бұл неғұрлым дәлелді әрі дәл шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – дейді ӨКҚ спикері.

Айнұр Ыдырысова жасанды интеллекті кіріктіру стратегиялық ойлауды, этикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытуымен қатар жүруі тиіс екенін, бұлар тек адамның ғана қолынан келетін нәрселер екенін атап өтті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ